21.10.2025 09:55
Қазақ Қазақ
USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
Жаңалықтар

Қостанайда интернет-алаяқтық саны күрт артты

  • 21 октября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайда интернет-алаяқтық саны күрт артты. Облыс орталығында биыл 800-ге жуық интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 200 қылмысқа артып, тұрғындардың қаржылай шығыны екі есеге жуық көбейгені байқалады. Интернет алаяқтықтың алдын алу мәселесі бүгін қала әкімдігінде өткен жиналыста талқыланды. Қостанай қаласының бас полицейі мен облыстық полиция департаментінің кибер-полиция бөлімінің өкілі тұрғындарға жиі кездесетін алаяқтық схемалары туралы егжей-тегжейлі баяндап, сақ болуға шақырды.