Қостанайда информатика мұғалімдерінің арасында облыстық «IT-мұғалім» байқауы өтті
Қостанайда информатика мұғалімдерінің арасында облыстық «IT-мұғалім» байқауы өтті. Оған аудандық кезеңнен іріктеліп шыққан үздік 30 педагог қатысты. Олар жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника бағыттары бойынша тапсырмаларды орындап, шеберлігін шыңдайды. Әрі бұл байқау мұғалімдерге ортақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.



