Қостанайда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 28 жоба іске асырылмақ
Қостанайда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл 28 жоба іске асырылмақ. Бүгінде оның басым көпшілігі аяқталып, тұрғындардың игілігіне жарап отыр. Мамандардың сөзінше, бағдарлама қатысушыларының саны артып келеді. Биыл елді-мекендерді дамыту бойынша тоқсанға жуық өтініш түскен.



