22.07.2026 09:58
Қазақ Қазақ
USD 469.59
EUR 536.22
RUB 5.96
Жаңалықтар

Қостанайда екі жылдан бері қаңырап бос тұрған балабақшаға қайта жан бітпек

  • 22 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 4

Қостанайда екі жылдан бері қаңырап бос тұрған балабақшаға қайта жан бітпек. Нысанның қазіргі жай-күйімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов танысып шықты. Өңір басшысы ғимаратты мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіріп, халық игілігіне беруді тапсырды. Мамандардың алдын ала есебіне сәйкес, балабақшаны толық жөндеуге 438 миллион теңге қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мектепке дейінгі мекеме қайтадан бүлдіршіндерге есігін айқара ашып, қаладағы балабақшаға деген сұранысты азайтуға мүмкіндік береді.