Қостанайда демалыс күндері екі өрт оқиғасы тіркелді
Қостанайда демалыс күндері екі өрт оқиғасы тіркелді. Алғашқысы қаладағы сауда орталықтарының бірінде болса, екіншісі саяжай қоғамындағы жеке тұрғын үйде орын алды. Екі жағдайда да құтқарушылар жедел әрекет етіп, өрттің кең аумаққа таралуына жол бермеді. Саяжайдағы өрт кезінде жарылыс қаупін болдырмау үшін бес газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиғалардан зардап шеккендер жоқ, өрттердің шығу себептері анықталып жатыр.




