01.09.2026 09:32
Қазақ Қазақ
USD 462.31
EUR 536.09
RUB 5.34
Жаңалықтар

Қостанайда дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып

  • 1 сентября, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайда дәстүрлі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, өңірдің түкпір-түкпірінен келген үлгілі шаңырақтар марапатталды. Биыл бұл байқауға қатысу үшін облыс бойынша 98 өтінім түсіп, іріктеуден өткен ең үздік отбасылар арнайы марапатталды. Салтанатты шара барысында отбасы институтының мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеген жеңімпаз әулетке 1 миллион теңгенің арнайы сертификаты табысталды. Сондай-ақ бас жүлдені иеленген өнегелі шаңырақ қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама алды.