Қостанайда «Болашақ прокурорлар клубы» ашылды
Қостанайда «Болашақ прокурорлар клубы» ашылды. Мұнда мектеп оқушылары заңдар туралы тереңірек білім алып, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеріп, заңгер мамандығымен жақынырақ таныса алады. Жоба Қазақстан бойынша Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылуда. Енді Қостанайдағы клубтың да қала мектептерінің бірінде өз алаңы пайда болды.



