08.04.2026 09:47
Қазақ Қазақ
USD 460.37
EUR 531.87
RUB 5.82
Жаңалықтар

Қостанайда боччадан облыстық ашық турнирдің жалауы желбіреді

  • 8 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Тобыл төрінде — мергендер додасы! Қостанайда боччадан облыстық ашық турнирдің жалауы желбіреді. Астана, Петропавл және өңір аудандарынан жиналған 70-ке жуық спортшы өзара мықтыны анықтауда. Айта кетерлігі, бұл жолғы бәсеке Паралимпиадалық талаптарға сай, 7 спорттық санат бойынша өтуде. Дәлдік пен стратегияны ұштастырған пара-атлеттер тек жеңіс үшін емес, облыс құрамасына еніп, республикалық чемпионатқа жолдама алу үшін барын салуда.