Қостанайда бюджет есебінен көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары басталды
Қостанайда бюджет есебінен көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстары басталды. Қаланың біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында бұл шара осымен алтыншы жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Әдетте, жөндеу жоспарына орталық және магистральды көшелерде орналасқан үйлер енеді. Биыл мердігерлер алғаш рет Гоголь көшесіне шықты, мұнда бірден төрт көпқабатты үй ретке келтірілмек.



