Қостанайда бір аптаның ішінде жол ережесін бұзудың үш мыңнан астам фактісі тіркелді
Қостанайда бір аптаның ішінде жол ережесін бұзудың үш мыңнан астам фактісі тіркелді. Бұл «Қауіпсіз жол» акциясы аясында анықталған дерек саны. Полиция тасжолдардарда күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Қауіпсіздікті ерекше бақылауға қойған. Бұған қарамастан, аудандық маңызы бар жолдарда адам өліміміен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.