Қостанайда бүгін маунтинбайктен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды
Қостанайда бүгін маунтинбайктен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі басталды. Көпкүндік велододаға еліміздің 8 облысынан келген 50-ден астам шабандоз қатысып жатыр. Спортшылар 5 күн бойы жекелей және топтық сында шағын қыраттар мен каньондарды еңсереді. Ал, жарыста жеңімпаз атанғандар олимпиадалық резервтін қатарын толықтырып, ел намысын әлемдік ареналарда қорғайды.