Қостанайда аптаппен бірге келетін өрт қаупі тағы да күн тәртібіне шықты
Қостанайда аптаппен бірге келетін өрт қаупі тағы да күн тәртібіне шықты. Әдетте бұл кезең сәуірден қазанға дейін созылады. Қала әкімі Марат Жүндібаев биыл да саяжайлардың жағдайы алаңдатып отырғанын айтты. Құтқарушылардың дерегінше, 2025 жылы дәл осы саяжай секторларында 100-ден астам өрт шығып, шығын тіркелген. Мамандар өрт оқиғаларының 9 пайызға өскенін айтып, дабыл қағуда.



