Қостанайда қала көшелерін күтіп-ұстау тәртібі өзгереді
Қостанайда қала көшелерін күтіп-ұстау тәртібі өзгереді. Келер жылдан бастап мердігер ұйымдардың міндеттері кеңейіп, жұмыс көлемі артады. Енді олар жол таңбаларын сызу және асфальтты тұрақты түрде жуу сияқты қосымша жұмыстарды да атқарады. Сондай-ақ, келісімшарт мерзімі бір жылға емес, бірден екі жылға жасалады. Бұл мердігер ұйымдарға техникасын жаңартуға ынталандыру береді. Яғни, келісімшартты ұзарту арқылы мердігерлердің тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, олардың қызмет сапасын арттыруға жағдай жасалады. Тағы да қандай өзгерістер орын алады?



