Қостанайда алғашқы прокурорлар клубы ашылды
Қостанайда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әділет министрі, жерлесіміз Ғалихан Ержановтың есімі берілген алғашқы прокурорлар клубы ашылды. Тағылымды бастама, жас буынның құқық саласына қызығушылығын арттырып, заң үстемдігін дәріптеуді мақсат етеді. Салтанатты рәсімге Ғалихан Нұрмағамбетұлының жары мен туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері қатысты. Шара аясында қонақтар қауымдастық қатарына жаңадан қабылданған оқушыларға сәттілік тілеп, арнайы төсбелгілер табыстады.





