Қостанайда «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет» атауымен облыстық форум өтті
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қостанайда «Адал азамат: елге қызмет, рәмізге құрмет» атауымен облыстық форум өтті. Басқосуға түрлі сала өкілдері, депутаттар,
белсенді жастар қатысып, мемлекеттік рәміздердің қазіргі қоғамдағы рөлі, азаматтық жауапкершілік сынды өзекті мәселелерді талқылады. Форумда адал еңбегімен абыройға бөленген бірқатар жандарға құрмет көрсетілді.



