Қостанайда ақ түтек боранның салдарымен күрес әлі толастамай тұр
Қостанайда ақ түтек боранның салдарымен күрес әлі толастамай тұр. Коммуналдық қызметтер көшелерді тазартып әлек болғанымен, аулалардағы тау болып үйілген қар тұрғындарды едәуір алаңдатып отыр. Әсіресе, көктем туа сала «көлге» айналатын қауіпті аймақтардың жұрты биылғы тасқыннан қатты сескенеді. Халықтың жалғыз тілегі — жиналған қар ерімей тұрып, қала сыртына дер кезінде шығарылса дейді. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді: жақын күндері күн жылынып, өңірді қою тұман басуы мүмкін. Тасқынға дайындық қай деңгейде?





