Қостанайда 2025 жылдың үздік еріктілері марапатталды
Басты міндетіміз – қоғамға пайда әкелу. Қостанайда 2025 жылдың үздік еріктілері марапатталды. Жыл бойы түрлі әлеуметтік жобаларға атсалысып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсеткен жалынды жастар ақшалай сыйақыларға ие болды. Жастар сарайында өткен салтанатты шарада ең үздік волонтерлік ұйым мен ең жас ерікті де анықталды.



