Қостанай жастары жобасына 1 миллиард теңге қаржы бөлінді
Қостанай жастары жобасына 1 миллиард теңге қаржы бөлінді. Тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер 5 қаңтардан бастап қабылданады. Жеңілдетілген ипотекалық шарттармен баспананы Қостанай облысында тұрақты тіркеуі бар, 34 жастан аспаған және меншік құқығында тұрғын үйі жоқ азаматтар ала алады. Ең бастысы – депозитте баспананың кемінде 10 пайыздық бастапқы жарнасы болу қажет.



