Қостанай тұрғыны алаяқтарға алданып, 21 млн теңгесінен айырылды
Қостанай тұрғыны алаяқтарға алданып, 21 млн теңгесінен айырылды. Жәбірленуші қыруар қаражатты жинау үшін банктен, одан қалды қаржы институттарынан қарыз алған. Алданғанын кейін түсінген ол полицияға жүгінген. Қазір алаяқтарды анықтап, ұстау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.