Қостанай тұрғындары құм аралас су ішуге мәжбүр
Қостанай тұрғындары құм аралас су ішуге мәжбүр. Береке шағын ауданында жаңа қоныс тепкен тұрғындар бір айдан астам уақыт бойы таза суға зәру. Пәтерлеріндегі су құбырларынан лай мен құм аралас су ағуда. Тұрғындар мұндай суды ішу түгілі, тұрмыстық қажеттілікке де пайдалану мүмкін емес дейді. Ашынған қараша мәселені бірнеше рет қалалық әкімдікке және “Қостанай-су” коммуналдық кәсіпорнына жеткізген. Дегенмен әзірге нақты нәтиже байқалмайды. Коммуналдық мекеме өкілдері судың құм аралас шығу себебін анықтай алмай әлек. Мәселе қалай шешілмек?



