«Қостанай-Су» кәсіпорны суды залалсыздандыруға арналған жаңа жабдыққа толықтай көшті
«Қостанай-Су» кәсіпорны суды залалсыздандыруға арналған жаңа жабдыққа толықтай көшті. Заманауи қондырғы арнайы технология арқылы су тазартуға қажетті реагенттерді өзінде өндіреді. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе бұрынғы жабдыққа қарағанда сенімді әрі шикізатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.



