Қостанай сотында қаржы пирамидасын құру және басқару туралы іс қаралады
Қостанай сотында қаржы пирамидасын құру және басқару туралы іс қаралады. Бүгінгі процеске қатысқан жәбірленушілердің біреуінің ғана айтуы бойынша, ұйымға ол 16 миллион теңгеден астам қаржы салған. Ол үшін әйел пәтерін сатыпты, бірнеше жылдан бері оның отбасы баспана жалдауға мәжбүр көрінеді. Отырысқа біздің түсірілім тобы да қатысты.