Қостанай облысының жастары өздерінің жаңа идеяларына мемлекеттік қолдау тауып жатыр
Қостанай облысының жастары өздерінің жаңа идеяларына мемлекеттік қолдау тауып жатыр. Мәселен, осы уақыт ішінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағдарламасы арқылы 3 жоба қаржыландырылған. Бұдан бөлек облыстың өзіндік бағдарламасы да іске асып жатыр. Бір қызығы бұл бағдарламаға мектеп оқушыларына бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Мәселен, қазір Қостанайлық оқушылар жоғарғы оқу орнына түсу жолдарын жеңілдететін мобильді қосымша құрастырып жатыр. Олар 1 млн теңге қаржылық қолдау алған.