Қостанай облысының қылмыстық арнайы сотында бауырына қастандық жасаған адамға үкім шығарылды
Қостанай облысының қылмыстық арнайы сотында бауырына қастандық жасаған адамға үкім шығарылды. 2-ші топтағы мүгедектігі бар 46 жастағы ер адам үйдегі төбелес кезінде мас інісіне пышақ жұмсаған. Және бір айдан астам уақыт бойы ол марқұмның денесін суық, қараусыз қалған бөлмеде ұстаған. Істің мән-жайы бес айдан астам уақыт бойы қаралды, нәтижесінде ер адамға нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.