26.09.2026 00:49
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны алаяқтардың көп сатылы айласына ілініп қала жаздады

  • 14 сентября, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 7

Қостанай облысының тұрғыны алаяқтардың көп сатылы айласына ілініп қала жаздады. Бірі алдау жолымен одан СМС-кодты айтып беруді талап етсе, артынша басқалары Халыққа қызмет көрсету орталығы мен құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде хабарласқан. Алайда әйел адам басынан өткен жағдайды полиция қызметкеріне уақытылы жеткізіп үлгерді. Ал қаскөйлер тәртіп сақшысының талаптарын орындаудан бас тартып, өздерінің алаяқ екенін әшкереледі. Қылмыскерлердің арбауына қалай түспеу керектігі туралы жәбірленушінің өзі және қырағы тәртіп сақшысы баяндап берді.