Қостанай облысының тұрғындары интернет-алаяқтарға бір миллиард теңгеден астам қаражат аударып үлгерген
Қостанай облысының тұрғындары интернет-алаяқтарға бір миллиард теңгеден астам қаражат аударып үлгерген. Киберполицейлердің айтуынша, қазір ең көп тараған алаяқтық түрі — мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарының атынан телефон шалу. Осындай қоңыраулардан үрейленген азаматтар несиеге алған немесе мүлкін сатқан ақшаларын қылмыскерлерге өз қолымен беріп жатады. Полиция қызметкерлері алаяқтардың әрекет ету тәсілдерін және олардың адамдарды қалай алдайтынын тағы бір еске салды.