Қостанай облысының бірнеше қаласында «Есірткіге жол жоқ» акциясы басталды
Қостанай облысының бірнеше қаласында «Есірткіге жол жоқ» акциясы басталды. Оған өңіріміздің колледж және мектеп оқушылары ат салысуда. Айта кетейік, есірткі мәселесі аумағымызда белен алып бара жатқан соң, бұл биыл қатарынан өткізіліп отырған 8-ші акция. Жыл басынан есірткіге қарсы полиция басқармасның бастауымен 200-ден аса пропагандалық жазудын көзі жойылған.