Қостанай облысының алты оқушысы республикалық олимпиадада жүлдегер атанды
Қостанай облысының алты оқушысы наурыз айының соңында Алматы қаласында өткен химия және география пәндері бойынша республикалық олимпиадада жүлдегер атанды. Аймақ қоржынына бір күміс, бес қола медаль түсті. Сонымен қатар, тағы бір қатысушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының арнайы грамотасымен марапатталды.



