Қостанай облысында қызылша ауруының белсенділігі артты
Қостанай облысында қызылша ауруының белсенділігі артты. Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде жүзден астам науқас тіркелген. Олардың басым бөлігі Қостанай мен Арқалық қалаларында. Санэпид мамандардың айтуынша, анықталған жағдайлардың шамамен 88%-ы қызылшаға қарсы егілмеген жандар. Ал дәрігерлер бұл көрсеткіш қоғамдағы ұжымдық иммунитеттің төмендегенін растайтынын, ал қызылшаның вакцина арқылы бақыланатын ауру екенін ескертеді.



