Қостанай облысында тасқынның беті қайта бастады
Қостанай облысында тасқынның беті қайта бастады. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Бейімбет Майлин ауданына барып, Әйет пен Варваринка ауылдарындағы ахуалды тексерді. Кеше ғана мұнда жағдай қиын еді: Әйет өзенінің арнасында екі бірдей ірі мұз кептелісі тіркеліп, су деңгейі күрт көтерілген болатын. Алайда дер кезінде жасалған амалдардың арқасында қауіп сейілді. Қазір жағдай тұрақты.



