Қостанай облысында түрлі заттар бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Қостанай облысында түрлі заттар бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Облыстық полицияның мәліметінше, қылмыскерлер азаматтардың мүлкі мен ақшасын тартып алу арқылы жалпы сомасы 12 миллион теңге шығын келтірген. Ұстау кезінде күдіктілерден скутерлер, қарда жүретін көліктер, автокөліктер, суық қару түрлері, сондай-ақ сигналды тапанша мен жаттығу гранатасы тәркіленіп алынған.