Қостанай облысында су тасқыны кезеңі аяқталды
Қостанай облысында су тасқыны кезеңі аяқталды. Мамандардың мәліметінше, осы уақыт аралығында төтенше жағдайлар тіркелген жоқ. Бірде-бір тұрғын үйді су баспады. Қабылданған шаралардың арқасында елді мекендер көктемгі су тасқынынан қорғалды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов барша атсалысқан азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметіне, әскерилер мен жастарға алғысын білдірді.



