Қостанай облысында скрининг науқаны жалғасуда
Қостанай облысында скрининг науқаны жалғасуда. Тұрғындар шағымы болмаса да тегін профилактикалық тексеруден өтеді. Биыл тексерулер қатарына гипертония, қант диабеті, глаукома және онкологиялық ауруларды ерте анықтау қосылды. Тексеру бірнеше кезеңмен өтіп, 3 күнге дейін созылуы мүмкін. Дәрігерлер скрининг ауруларды ерте анықтап, асқынудың алдын алатынын айтады.



