07.07.2026 18:54
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Қостанай облысында шетелге оқуға түсетін жастар қатары артып келеді

  • 4 мая, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Қостанай облысында шетелге оқуға түсетін жастар қатары артып келеді. Мәселен былтыр ғана 630 мектеп бітіруші білім іздеп шекера асқан. Бұл үрдістің астарында жаһандану мен білім сапасынан бөлек, көп айтыла бермейтін нақты себептер де бар. Соның бірі – Ұлттық бірыңғай тест нәтижесі. Жоғары бал жинай алмаған талапкерлер емтихансыз шетелдік жоғары оқу орындарына түсетін көрінеді. Оған қоса, кейбір елдерде оқу ақысы екі-үш есе төмен болуы – жастардың шетелге кетуіне түрткі болатын басты фактордың бірі.