Қостанай облысында полиция тағы бір шетелдікті ұстады
Қостанай облысында полиция тағы бір шетелдікті ұстады. Оны Қырғыз Республикасының астанасында, лауазымды тұлғалар тобымен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен үш жыл іздеген. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігінің өкілдері биылғы жылы іздестіру қызметін қорытындылай келе хабарлады. Толық емес 10 айдың ішінде еліміздің аумағында полиция бір жарым мыңнан астам қылмыскерді ұстады.