Қостанай облысында полицейлер жергілікті тұрғыннан 400-ден астам сим-карта тәркіледі
Қостанай облысында полицейлер жергілікті тұрғыннан 400-ден астам сим-карта тәркіледі. Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімінің жедел уәкілдері жас келіншекті интернет-алаяқтарға көмектесті деп күдіктенуде. Тінту барысында жүздеген сим-картадан бөлек, күдіктінің бірнеше гаджеті алынды. Ол осы құрылғылар арқылы алаяқтарға мессенджерлердегі аккаунттарды иемденуге жағдай жасап отырған. Ал қаскөйлер сол аккаунттар арқылы әлеуетті құрбандарына қоңырау шалып келген.





