Қостанай облысында құны жарты миллиард теңгеден асатын майнинг жабдықтары мемлекет меншігіне өтті
Қостанай облысында құны жарты миллиард теңгеден асатын майнинг жабдықтары мемлекет меншігіне өтті. Бұл — облыстық прокуратураның апелляциялық шағымынан кейін жүзеге асқан заңды шешім. Бастапқыда сот тек айыппұлмен шектелгенімен, қадағалаушы орган заңсыз экспорттың жолын кесіп, тауарды толық тәркілеуді талап етті.



