Қостанай облысында ми қан тамырларына күрделі операциялар жасалып келе жатқанына көп жыл болды
Қостанай облысында ми қан тамырларына күрделі операциялар жасалып келе жатқанына көп жыл болды. Соған қарамастан, нейрохирургтер емдеу әдістерін жетілдіріп, еліміздің жетекші мамандарының тәжірибесін меңгеруді жалғастыруда. Қазір Қостанай қалалық ауруханасында Алматыдан келген белгілі нейрохирургтің қатысуымен шеберлік сабағы өтіп жатыр. Дәрігерлер күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, бас сүйекті ашпай-ақ қауіпті патологияларды емдеуге мүмкіндік беретін заманауи ішкі қантамырларына араласу әдістерін тәжірибе жүзінде пысықтауда.



