Қостанай облысында Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен жүр
Қостанай облысында Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарымен жүр. Халық қалаулылары өңірді дамыту үшін маңызы зор негізгі жобалардың іске асырылу барысын тексеруде. Кеше Парламент Төменгі палатасы төрағасының орынбасары Альберт Рау Денисов ауданында болды. Депутат Перелески ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылыс қарқынымен танысты.



