Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Мүмкіндік» атты облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтті
Қостанай облысында мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Мүмкіндік» атты облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтті. Іс-шара бір мезетте өңірдің барлық қала және аудандарында ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталды.
Акция аясында прокуратура органдары, жергілікті атқарушы билік өкілдері, уәкілетті мемлекеттік құрылымдар, жұмыс беруші кәсіпорындар, оқу орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлар бір алаңға жиналды. Жалпы саны 150-ден астам мемлекеттік орган мен 146 жұмыс беруші жұмылдырылды.



