Қостанай облысында лицензиясыз жұмыс істеген микроқаржылық ұйымдар анықталды
120 пайыздық мөлшерлемемен несие берген. Қостанай облысында лицензиясыз жұмыс істеген микроқаржылық ұйымдар анықталды. Ағымдағы жылдың басынан бері бұндай жеті қылмыс тіркелген. Қостанай облыстық экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, заңсыз несие берушілер көбінесе әлеуметтік желілерде және OLX сияқты сатып алу, сату сайттарында іс әрекеттерін жүзеге асырады.