26.09.2026 05:59
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 250-ден астам дерегі анықталды

  • 15 июня, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 11

«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының тек үш күнінде Қостанай облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 250-ден астам дерегі анықталды. Республикалық тексеріске кіріскен тәртіп сақшылары қазір тұрғын үйлерді, жатақханалар мен саяжайларды, базарлар мен сауда орындарын жаппай тексеріп жатыр. Алғашқы нәтиже де жоқ емес: заңға бағынбаған бірнеше шетелдік елден шығарылды. Сондай-ақ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстан аумағынан кету туралы сот шешімін орындамай, бой тасалап жүрген бір азамат құрықталып, қамауға алынды.