Қостанай облысында көктемгі су тасқынының салдарын жою жалғасуда
Қостанай облысында көктемгі су тасқынының салдарын жою жалғасуда. Үйсіз қалған адамдар үшін үйлер салынып,су басқан әлеуметтік нысандар да қалпына келтірілуде. Солардың бірі- Денисов ауданында орналасқан «Солнечный» жазғы сауықтыру лагері. Облыстық бюджеттен 99 млн. теңге бөлініп, бір айдың ішінде мұнда ауқымды қайта құру жұмыстары жүргізіліп, лагерь демалушылардың бірінші ауысымына есігін айқара ашты.