Қостанай облысында электр энергиясына тапшылық бар
Қостанай облысында электр энергиясына тапшылық бар. Өңір 4,480 миллиард кВтсағ энергия тұтынады, ал өндірілген энергия көлемі тек 1.257 миллиард кВтсағ. Бұл мәселені шешу үшін қосымша баламалы көздерден энергия алу жоспары әзірленді.ҚР энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек атап өткеніндей, Тобыл қаласы мен Мичурин елді мекенін тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 21 км электр желісі салынады. Жоба үшін 3.5 миллиард теңге бөлінеді.