Қостанай облысында ірі жол құрылысы басталды
Астана мен Арқалық арасы қысқарады – Қостанай облысында ірі жол құрылысы басталды.
Торғай өңірі жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Облыстың оңтүстігіндегі аудан мен қала іргесін берік діңгекке айналдыратын «Орталық-Батыс» көлік дәлізі құрылысы басталды. Бұл — өңір тұрғындары үшін маңызды әрі қуанышты жаңалық. Жазық далаға салынылуы басталған жаңа тасжол облыстың экономикалық әлеуетін арттырады. ҚР көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты шарада Арқалық пен Торғайдағы жол құрылысына ресми рұқсат берді.