Қостанай облысында интернет-алаяқтарға көмектескен азаматқа қатысты іс алғаш рет сотта қаралды
Қостанай облысында интернет-алаяқтарға көмектескен азаматқа қатысты іс алғаш рет сотта қаралды. Тергеу барысында оның жеке материалдық пайда табу және тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында әрекет еткені анықталды. Осы мақсатта ол Sim-Box байланыс құрылғысын сатып алып, бір ай бойы ұялы байланыс операторларының түрлі нөмірлерін іске қосқан. Кейін дәл осы нөмірлер арқылы алаяқтар Қостанай облысының тұрғындарына және еліміздің өзге өңірлеріндегі азаматтарға хабарласып отырған. Сотталушыға қандай жаза тағайындалғаны туралы облыстық соттың мамандары айтты



