Қостанай облысында гинекологиялық қызмет көрсетуде операциялық көмек көлемі кеңейтілді
Қостанай облысында гинекологиялық қызмет көрсетуде операциялық көмек көлемі кеңейтілді. Өткен жылы қалалық ауруханада әйелдерге репродуктивті ағзаларды қалпына келтіретін және сақтайтын оталар жүргізіле бастады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай көмекке мұқтаж науқастар саны аз емес және олардың жас шамасы әртүрлі. Еске салсақ, бұрын бұл қызметтер үшін әйелдерге елордадағы дәрігерлерге баруға тура келетін.



