13.07.2026 09:52
Қазақ Қазақ
USD 464.71
EUR 531.26
RUB 6.05
Жаңалықтар

Қостанай облысында екі зейнеткер бірнеше миллион теңгесін алаяқтарға беріп қоя жаздады

  • 13 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанай облысында екі зейнеткер бірнеше миллион теңгесін алаяқтарға беріп қоя жаздады. Бір жағдайда қарияға өзін бұрынғы басшысы ретінде таныстырған алаяқ телефон арқылы хабарласып, сеніміне кірмек болған. Ал екінші жағдайда құқық қорғау органдарының жалған қызметкерлері қашықтан байланысқа шығып, түрлі сылтаумен ақша аударуға итермелеген. Алайда екі жағдайдың да алдын алуға туыстарының, банк қызметкерлерінің қырағылығы, сондай-ақ учаскелік инспектор мен киберполицейлердің жедел әрекеті себеп болды.