Қостанай облысында «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді
Қостанай облысында «Болашаққа сау тіспен» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып келеді. Оның аясында, мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылған. Тіс дәрігері оқушыларға профилактикалық тексеріс жүргізіп, ауыз қуысын күтіп ұстау, тісті қалай дұрыс тазалау керектігін үйретеді.



