Қостанай облысында бір тәулікте, бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қостанай облысында бір тәулікте, бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам зардап шексе, бір өңір тұрғыны көз жұмды. Зардап шеккендердің көбі кәмелет жасқа толмаған балалар, оның ішінде 1 жастағы сәби де бар. Жол-көлік оқиғалардын барлығы қала көшелеріндегі бейнебақылау камераларына іліккен. Аймақтық полицейлер оқиғаның мән-жайын және оқыс жағдайлардын негізгі себептерін айтып өтті.